Қар басқан қысқы бақша орнында ақжелек өсіп жатыр! Таңғажайып, бірақ шындық: Балықшы кентіндегі жер үйлердің бірінің бақшасында қыстың көзі қырауда ақжелек өсіп тұр.
Ғажайып бақтың иесі Николай ШЕРСТЯНКИНГЕ оны суарудың қажеті жоқ, жер қатқақ болса да, ылғалды. Шөптің дәмі де, түсі де жаздағыдай, тек түптерді үйге алып барарда, қардан тазалау керек.
- Бұл қарапайым ақжелек, - дейді Коля ағай.– Мен оған ештеңе жаппаймын, өзі қар астында өседі. Мен оны мүлдем күтпеймін де. Менің жерімде ешқандай жылу қондырғылары да жоқ.
Көршілері балықшы тұрғынына тек қысқы шөпті көру үшін ғана емес, сондай-ақ сорпаға салар дәмдеуіш сұрауға да келеді. Ал ол еш тарылмайды, ала беріңдер! Бәрін алсаң да...
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген автор