Атырау, 24 қараша 03:30
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

6 мыңнан астам әуе билеті жарамсыз деп танылды

1 651 просмотра
Бүгінгі күнге дейін сатылып кеткен алты мыңнан астам әуе билеті жарамсыз деп танылды. Билеттерді сатқан «Авиа центр» компаниясы алдағы уақытта да осындай шараны жалғастыра түсуге өз келісімін беріп отыр, - деп хабарлайды «Эвитерра Трэвел» компаниясы.  

Әуе билеттерін қосалқы агенттік желі арқылы сатумен айналысатын «Авиа центр» компаниясы eviterra.com сайтының көмегімен саудалаған алты мыңнан астам билетті жарамсыз деп таныды. Қазіргі кезде 15 қаңтардан кейінгі күндерде ұшуға сатылған билеттерді кері қайтару мүмкіндіктері жайында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ал мұндай қадамдар 2013 жылдың 31 желтоқсанынан бері қарай іске асырылып келеді.

eviterra.com сайтының хабарлауынша, қаржылық қиындықтардың ұшығуы салдарынан тараптар арасында осындай келіспеушіліктер орын алған көрінеді. «Эвитерра Трэвел» компаниясының таратқан мәліметіне көз жүгіртсек, «Авиа центр» компаниясы әуе тасымалы келісімшартын орындауда заңсыз әрекеттерге барған. Ендігі жерде электронды билет рәсімдеушілер бастама көтерсе ғана, қаражатты кері қайтару үдерісі жүргізілетіндігі айтылуда. Сондай-ақ, кеше кешкісін осы кезге дейін сатылған барлық билеттерді жарамсыз деп тану жөніндегі ұсыныспен «Авиа центр» компаниясы толықтай келіскен.

 Дереккөз: Baq.kz

6 қаңтар 2014, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.