26 желтоқсан күні кешке Индер ауданы Елтай селосында Социалистік Еңбек Ері, "Маржан қыз" әнінің кейіпкері Маржан ЕНБАЕВАНЫҢ үйі түгі қалмай өртеніп кетті (суретте).
Маржан әжей мен үш немересін көрші ер адам дер кезінде құтқарып қалған. Өрттен зардап шеккендер бүгінде туыстарының үйін паналауда.
Индер аудандық ТЖ бөлімінің маманы Саламат ОСПАНОВТЫҢ айтуынша, қамыстан тұрғызылған баспананың күлі көкке ұшып, түк қалмаған.
- Екі жыл бұрын Маржан Енбаеваға Атырау қаласындағы көпқабатты үйдің үш бөлмесінен баспана берілген болатын, - дейді Елтай селолық округ әкімі Ербол ДҮЙШІМ. - Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА