Атырау, 26 қараша 16:45
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мұнай және құрылыс құрбандары

1 556 просмотра

Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Салауат ИШАЙДЫҢ айтуынша, өткен жылда ұйымдар мен кәсіпорындарға еңбек заңнамаларын сақтау тұрғысынан  400-ден аса тексеру жүргізілді.

1 442заң бұзушылық анық-талды, жауапты лауазымды және заңды тұлғаларға жалпы сомасы 31,9 млн теңге 618 айыппұл салынды. «Жылыойстройсервис», «КООСК», «АСД», «Теміржол-Сервис» және «Әлемгаз Атырау» компанияларында жалпы сомасы 117,3 млн теңге жалақы бойынша кешіктірілген қарыздар анықталды. Қабылданған шаралардың арқасында бұлардың үлкен бөлігі жабылды, тек «АСД»-да 17,7 млн теңге, «Теміржол-Сервисте» 1,6 млн теңге қарыз қалды. Осы екі кәсіпорынға қатысты материалдар жалақыны мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сотқа тапсырылды. «АСД» ЖШС басшылығына қатысты облыстық ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдауда.

2013 жылдың 11 айында облыста 41 өндірістік бақытсыздық жағдайы тіркелді. Зардап шеккендердің көпшілігі құрылыс (12 адам, оның ішінде бір адам өлген) және мұнай (11 адам, оның ішінде бір адам өлген) саласында жұмыс жасағандар.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

31 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.