Атырау, 4 мамыр 21:22
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Оқиғалар тізбегі

2 947 просмотра

Жеке кәсіпкер 2013 жылдың қыркүйегінде Құлсары қаласының 27 жастағы тұрғыны өзінің сеніміне кіріп, одан 360 мың теңге қарызға алып, қайтармай отырғанын полицияға хабарлады. Бұл тұлға тағы бір эпизод бойынша полицияға тіркеліпті. Ол үш айдан бері Атыраудың 30 жастағы тұрғынына 150 мың теңге қарызын қайтармаған екен.

***

 

Криминалдық полиция қызметкерлері Махамбет ауданының 19 жастағы тұрғыны ұстады. Ол 21 желтоқсанға қараған түні Химпоселкедегі азық-түлік дүкенінің есігін сындыруға тырысқан.

***

 

Желтоқсанның 25-іне қараған түні белгісіз біреу Махамбет көшесінің бойындағы азық-түлік дүкеніне басып кірген. Сатушыны итеріп, кассадан 150 мың теңгені алып кеткен. Тонау ұрлығын жасады деген күдікпен Батыс Қазақстан облысының 24 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Ұрланған ақша тәркіленді.

***

 

Балықшы поселкесіндегі букмекерлік кеңседе кассир болып жұмыс жасайтын қыз 30 қарашаға қараған түні букмекерлік кеңсенің күзетшісі күш қолданып, одан 50 мың теңгені тартып алғанын полицияға хабарлады. Күдіктіге іздеу жарияланды.

***

 

Желтоқсанның 25-де таңертең Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 654-ші шақырымында №17 теміржол разъезінің маңында ВАЗ-21713 көлігі аударылды. Алдын ала болжам бойынша, Құрманғазы ауданының 30 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.

***

 

Желтоқсанның 25-іне қараған түні Азаттық бойындағы жалдамалы пәтерде үш жігіт 27 жастағы әйелді зорлаған. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

***

 

Жеке кәсіпкер пәтер алуға көмектесемін деп уәде берген Нұрсая ықшамауданының 50 жастағы тұрғынына сеніп,оған4 млн теңге бергенін полицияға хабарлады. Бұдан кейін алаяқ ғайып болған. Күдікті ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

 

Желтоқсанның 26-ына қараған түні ҚІІБ-не Геолог-2 ықшам ауданында қаскөйлердің жер астынан телефон желісін суырып алып, оны ұрламақшы болып жатқаны туралы дабыл түсті. Нәтижесінде Геолог ықшамауданының 20 жастағы тұрғыны қылмыс үстінде ұсталды.

31 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.