27 желтоқсанда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман және аңшылық шаруашылық комитетінің бұйрығымен Арман ҚҰРМАНБАЕВ «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғат қорғау резерватының директоры болып тағайындалды. Ол осыған дейін директордың «міндетін атқарушы» болып еді.
Осы тағайындаудың алдында бірталай кадрлық өзгерістер болып еді. Естеріңізге салсақ, үстіміздегі жылдың 26 қарашасында қоршаған ортаны және су ресурстарын қорғау министрі Нұрлан ҚАППАРОВҚА резерват ұжымының жазған арызынан кейін болған тексеруден соң Елемес РАХМЕТОВ директорлық орнынан кетуге мәжбүр болған еді («Даулы отставка» мақаласын қараңыз). Ал оны ауыстырған Жақсығали ІЗДІБАЕВ бір аптадан кейін өз қалауымен жұмыстан кету туралы өтініш берген еді («Келді, кетті» мақаласын қараңыз).
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА