Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша, 2012 жылдың қарашасымен салыстырғанда 2013 жылдың қарашасында азық-түлік тауарларының бағасы 0,7 пайызға, азық-түлік емес тауарлар – 0,2 пайызға, ақылы қызметтер – 0,1 пайызға көтерілген (әрі қарай салыстырма да солай). Баспасөз хабарламасында айтылғандай, жұмыртқа бағасы 31,6%-ға, қызанақтар – 20%-ға, қиярлар – 20%-ға, ірімшік пен сүзбе – 8%-ға қымбаттаған. Қарамұқ жармасы – 6%-ға, жоғарғы сұрыпты бидай ұны – 1,8%-ға арзандағаны тіркелген. Жуу және тазарту құралдарының бағасы 1,2%-ға, жеке күтімге арналған құралдар мен тауарлар – 1,1%-ға, киімдер мен аяқ киім – 0,2%-ға көбейген. Теміржол көлігінің жолақысы 1,1%-ға арзандаған.
***
Ірі және орташа кәсіпорындарға 2013 жылдың қарашасында 4222 адам жұмысқа қабылданған, түрлі себептер бойынша 3 561 адам шығып кеткен. Бір ай ішінде шығып қалғандар арасында өз қалауларымен жұмыстан шыққан қызметкерлер саны 78,2 пайызды, басқа себептер бойынша 16,7 пайызды, қызметкерлердің санын қысқартуға байланысты 5,1 пайызды құрайды.
***
2013 жылғы қарашаның аяғында ірі және орташа кәсіпорындарда 714 бос орын болған (тізімдік санға 0,5%). Бос орындардың едәуір мөлшері келесі салаларда тіркелген: «Мемлекеттік басқару және қорғаныс»; «Міндетті әлеуметтік қамту» – 361 адам, «Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу» – 83 адам, «Қаржылық және сақтандыру қызметі» – 78 адам, «Өнеркәсіп» – 49 адам, «Білім беру» – 48 адам, «Көлік және қаттау» – 35 адам, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер» – 26 адам.
***
2013 жылдың қаңтар-қарашасында магистральды құбыр бойынша 57 152,2 мың тонна мұнай тасымалдау жүзеге асырылды. Бұл 2012 жылдың қаңтар-қарашасындағы деңгейден 1,1 пайызға көп.