Атырау, 26 қараша 16:53
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мұрағатшылар мерекесі

3 088 просмотра

20 желтоқсанда ҚР «Мұрағаттар және мұрағаттар қоры туралы» Заңының шыққанына 15 жыл болды.

Атырау облыстық мұрағаты 1928 жылы Батыс Қазақстан облысы Гурьев округінің білім беру бөлімінің бөлімшесі түрінде құрылды. 1934 жылы облыстық мұрағат округтік мұрағат бюросы мәртебесіне ие болды. Мұнда атқару комитетінің, кәсіпорындардың құжаттары, партия жиналыстарының хаттамалары, ашыққандарға және қызыл әскердің отбасыларына көмек беру туралы жарлықтар сақталды. 1938 жылы Бақсай, Теңіз, Жылыой, Есбол, Мақат, Маңғыстау аудандарында мұрағат құру туралы қаулы шықты. Бұл жылдары облыстық мұрағат аппаратында Н.Я.Вощиков, Т.Нариков, Д.Меңдіғалиева, З.Досмағамбетова, А.Садықова,  М.Қарабекова, А.Садықов,  Ж.Құсапов, Б.Нұрғалиев, М.М.Миняев, А.Иісов, Б.Жүнісов, А.Аллояровтар жұмыс жасады.

1960 жылы мұрағаттар ішкі істер халық комиссариатынан Қазақ КСР халық депутаттары атқарушы комитетінің басқаруына берілді. 1967-1981 жылдар аралығында облыстық мұрағатта 200 мың құжаттан тұратын 810 қор сақталды. 1991 жылы Қазақстан егемендік алғаннан кейін облыстық мұрағаттар басқармасы құрылды, ал 2000 жылы бұл мекеме облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасы болып атауын өзгертті.

Қазір облыстық мұрағаттың қатпар-қатпар қоймаларында 1 млн 700 мың құжаттан тұратын 1700-ден аса қор сақталуда. Облыстық мұрағаттың дамуына Исламғали Мадимов, Тоқтар Бәйменов, Самат Есенов, Әліпқали Бекешев, Сабыржан  Әзбергенов, Валерий Бородавкин, Рабиға Әжіғалиева, Жаңылсын  Әлпияровалар көп үлес қосты.

Атырау өлкесінде туып-өскен әдебиет пен өнер саласының майталмандары - Әбу Сәрсенбаев, Зейнолла Қабдолов, Жұмекен Нәжімеденов, Зейнолла Серікқа-лиев, Меңдекеш Сатыбалдиев, Нұрмұхан Жантөрин сынды шеберлерге қатысты құжаттар қоры бағалы құжаттармен толықты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ    

2 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.