Атырау, 26 қараша 16:29
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Сіздер ұйымдастырған мереке

3 513 просмотра

«Ақ Жайық» оқырмандары Жаңа жыл қарсаңында балалар тілегін қалай орындады?

Жылдар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша біз №1 жетімдер және ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар үйіне Аяз атаның өкілдеріміз деп бас сұқтық. Кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына, есту мүшелері зақымданған балаларға арналған интернатқа бардық...

Біз балалардың тілектерін білуден орындай алмай қаламыз-ау деп еш қорықпадық - өйткені өткен жылдар тәжірибесінен анық білетініміз: қаламыздың тұрғындары әлемдегі ең мейірімді де, сыпайы адамдар. Әдеттегідей, биыл да бұл турасында жаңылмадық.

Акцияның небары екі аптаға созылған қысқа мерзіміне қарамастан, редакцияға әкелінген ойыншықтардың көптігінен, Молдағұлова көшесіндегі жатақханада тұратын аз қамтылған отбасылар балаларын қуантуға да мүмкіндік туды.

Сыйлықтарды адамдар жекелеп те, тұтас ұжым болып жиналып та алып келді. Редакция телефондарына тыным болмай, балаларды тағы қалай қуантуға болады деп кеңесіп жатты.

Сыйлық әкелуге алдымен келгендердің арасында сол интернаттың шәкірт қызы бар екен. Ол редакцияға қуыршақ және тәтті сыйлық алып келіпті:

- Мен ересектер жағынан болған кез келген пейілге балалардың қалай қуанатынын жақсы білемін - өзім жетім болып өстім. Әр Жаңа жыл сайын мен бірнеше тілек тілейтінмін, бірақ ең басты тілегім – ананың аялы алақанын қайтадан сезіну болатын. Өкінішке орай, бұл тілегім орындалмады... Мен енді өзім анамын. Менің екі сүйкімді балам бар, мен оларды ешқашан тастап кетпеймін. Соңғы демім қалғанша соларға бар махаббатым мен мейірімімді төгемін. Мына сыйлығымды қабыл алыңыздар. Қазір жолдасымыз екеуміз қиын кездерді өткеріп жатырмыз, алайда шағын болса да осы сыйлығымыз балалардың біреуін бір сәтке болса да қуантады, көңілдеріне жылу ұялатады деп сенеміз.

...Интернаттағы сәбилер, күткеніміздей, сыйлық орамаларын ашып жатып, шаттыққа бөленді. Қуанышқа толы көздерімен Аяз ата мен Қарша қызға, сіздерге, біздің мейірімді сиқыршыларымыз, ыстық сәлемдері мен алғыстарын жолдады.

Ал жатақханадағы балалар мен олардың ата-аналары біздің акциямызға бастапқыда «бұлар шынымен тегін бе?» деп қауіптене, сенімсіздікпен қарады. Демеушілер мен меценаттардан сыйлықтар алып үйреніп қалған интернат балаларынан бұл адамдардың айырмашылығы – олар қалалықтардың осындай жомарттықтарын алғаш рет кездестіріп отыр.

Жатақхана алдында сыйлықтарды таратуға қуана келісім берген «ААА» қауымдастығының еріктілерін күтіп тұрғанда, мен осы үйде тұратын кішкентай Артемды кездестірдім. Бейкүнә сәби жатақханадағы өз достарының пәтерлерінің нөмірін түгелдей айтып берді. Ол аз дегендей, бұл жас сері жігіт менің қолымдағы барлық дорбаларды өз қолына алып, жоғарғы қатарларға шықпауымды өтінді: «Мен кішкентай болсам да, еркекпін ғой!»

Осы акцияға қатысқандардың барлығына шын жүректен алғысымызды айтамыз. Бақытты болыңыздар, балаларды аялаңыздар. Жаңа жылдарыңызбен!

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ 

1 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.