Волгоградта дүйсенбі, 30 желтоқсан күні таңертең троллейбуста жарылыс болды, деп хабарлады РБК.
Жарылыс Дзержинский ауданындағы базар маңында орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 15 адам мерт болған, оның ішінде бір жасар бала бар, тағы 10-ға жуық адам зардап шекті.
Әзірге басқа мәліметтер жоқ.
Дереккөз: ҚазАқпарат
30 желтоқсан 2013, 11:16