Атырау, 24 қараша 03:50
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытай «бір отбасы – бір бала» шектеуін алып тастамақ

4 060 просмотра

Қытайда бала санын шектеу мақсатында 1970 жылдың соңында енгізілген «бір отбасы – бір бала» шектеуі жұмсартылатын болды. Енді ата-ананың екеуі де атадан жалғыз туған болса, оларға екі бала асырауға рұқсат етіледі, деп хабарлайды ВВС орыс қызметі.

«Синьхуа мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, тиісті қарарды Жалпықытай халықтық жиналысының тұрақты комитеті қабылдады. Бұл шешімді халықтық жиналыс өкілдері ресми түрде мақұлдауы тиіс. Дегенмен бұрын мұндай демографиялық саясат Қытайдың бірқатар өңірлерінде тестік режимде жүргізілген», - делінген хабарламада.

Саясаттанушылар атап өткендей, ҚХР билігі мұндай қадамға екі проблеманы шешу үшін барып отыр.

Біріншіден, «бір отбасы – бір бала» ережесі жыл өткен сайын қытайлықтардың наразылығын күшейтуде. Екіншіден, үкімет халықтың жедел қарқынмен қартаюына алаңдап отыр. Кейбір есептеулер бойынша, 2050 жылға қарай Қытай халқының төрттен бірін 65 жастан жоғары тұрғындар құрайтын көрінеді. Ал бұл еңбек нарығына тікелей қауіп төндіріп, экономикалық проблемаларға алып келуі мүмкін.

Қазіргі таңда елде 1,349 млрд адам тұрады.

Дереккөз: bnews.kz

28 желтоқсан 2013, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.