Малидің бұрынғы президентіне мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылады
2 052 просмотра
Мали үкіметі бұрынғы президент Амаду Тумани Туреге мемлекетке сатқындық жасады деген айып тағылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды РБК.
2012 жылдың наурызында, яғни президенттік мандаттың уақыты аяқталуына бірнеше ай қалғанда әскерилер оны тақтан тайдырған болатын.
Үкіметтің баспасөз хатшысы Махамане Баби Ұлттық телеарнадан берілген хабарламада А.Туреге қатысты іс қозғалғанын жариялаған. Оған тиісті деңгейде қару-жарақ және басқа да құралдармен қамтамасыз етілмеген ел әскерін «Әл-Каиданың» қарулы содырларына қарсы қойды, сөйтіп елдің қарулы күшін әлсіретті және жемқорлыққа жол берді деген айып тағылған.
2013 жылдың тамызында Малидің жаңа президенті болып Ибрагим Бубакар Кейта сайланды. Ол бұған дейін елде үкімет басқарған.