Атырау, 4 мамыр 22:11
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Құлсарыда тағы да оқ атылды

4 345 просмотра

Желтоқсанның 21-нен 22-сіне қараған түні Құлсары қаласындағы «Бес ағайын» мейрамханасының маңында атыс қаруынан оқ атылды.

Белгісіз біреулер Атыраудан тойға қонақ болып келген 21 жастағы жігітке себепсіз ұрынып, екі рет оқ атқан. лды. Бетінен және мойын тұсынан жарақат алған ол Жылыой аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған. Қазір денсаулық жағдайы бір қалыпқа түсіп, облыстық ауруханаға ауыстырылды.

Жылыой ауданы прокурорының аға көмекшісі Марат ЕРМЕКОВТЫҢ хабарлағанындай, аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 257-бабының 3-бөлімімен («Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған бұзақылық») қылмыстық іс қозғалып, қылмысқа қатысы бар күдікті тұлғалардың жеке бастары анықталып, олардың біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

«Бес ағайын» мейрамханасының маңында оқ ату оқиғасы бірінші рет кездесіп отырған жоқ. Осы жылдың 9 қарашасы күні белгісіз біреулер ағасының тойына келген 26 жастағы Ақкиізтоғай аулының тұрғынына ұрынып, қолынан жарақаттаған болатын Құлсарыда оқ атылды»)

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 желтоқсан 2013, 18:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.