Атырау, 12 сәуір 18:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13

Құлсарыдағы қарақшылық шабуыл

4 079 рет қаралды

27 желтоқсанда сағат 11-де Жылыой АІІБ-не Құлсары қаласының Орталық ықшамауданында кәсіпкердің жеке үйіне қарақшылық шабуыл жасалғандығы туралы хабарлама түсті.

Шабуыл 9 сағат 30 минутта орын алған. Белгісіз екеу бет-жүздерін медициналық бетпердемен тұмшалап, үйге терезе арқылы кіріп, қожайын мен оның отбасы мүшелерін пышақ көрсетіп қорқытқан. 10 мың доллар қолма-қол ақша мен зергерлік бұйымдарын алып, содан соң көзден таса болған.

ҚР ҚК-нің 179-бабы («Қарақшылық») бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде. Қылмыскерлердің жеке бастарын анықтау жөнінде жедел шаралар жүргізіліп жатыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 желтоқсан 2013, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.