Атырау, 26 қараша 16:54
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Бәрі де сіздер үшін, кәсіпкерлер

1 645 просмотра

26 желтоқсанда Атырауда алғаш рет «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өңірлік филиалы жанынан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚО) ашылды.

КҚО-лар қазірдің өзінде көптеген облыс орталықтарында жұмыс жасап жатыр және олардың қызметіне сұраныс көп. «Даму» қорының басқарма мүшесі – басқарушы директоры Ғабит ЛЕСБЕКОВТЫҢ айтуынша, жұмыс үш бағытта жүріп жатыр. Біріншіден, КҚО-да бизнесмендер шағын және орташа бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету туралы барлық ақпараттарды ала алады, сонымен қатар мұнда оларға осындай қолдау алуға қажетті құжаттарды дайындауға көмектеседі. Екіншіден, КҚО міндеттеріне қаржылық есеп, логистика, маркетинг, ІТ-техника сияқты мәселелер бойынша тегін кеңес беру де кіреді. Үшінші бағыт – кәсіпкерлерді оқыту. Бірнеше жылдан бері «Даму» қоры жанынан жаңа бастаушыларға арналған тегін қысқа мерзімдік курстар жұмыс жасайтыны баршаға белгілі. Бұл курстар бойынша 60 мыңға жуық адам дәріс алды, олардың 1,5 мыңы – атыраулықтар.

Атырауда КҚО ашу жөнінде әңгіме «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрағасы Ләззат ИБРАГИМОВАНЫҢ Атырауға ақпанда келген сапары кезінде қозғалып еді. Қор ұзақ ізденістерден кейін, өз таңдауын қала орталығындағы Азаттық даңғылы, 17 мекенжайына тоқтатты. 2014 жылы «Даму» осындай орталықтарды барлық аудан орталықтарында ашуды жоспарлап отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсіргенҚанат ЕЛЕУОВ

27 желтоқсан 2013, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.