2013 жылдың қорытындысын шығара отырып, облыстық прокуратура бақылаушы органдардың тарапынан кәсіпкерлерді тексеруде көп кездесетін заң бұзушылықтар субъектілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша топтарға қате бөлу, анонимді шағымдар бойынша тексеру жүргізу және тексеру тағайындау туралы акті шығармау болып табылатынын атап өтті.
Жыл басынан бері прокуратура өкілетті органдардың 66 актісін кері қайтарды және өзгертті, прокурорлық әсер ету шаралары бойынша 50 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Бұл шаралардың барлығы 347 кәсіпкердің құқығын қорғауға мүмкіндік берді. Шұғыл әсер ету тобы 54 хабарлама алды, олардың 52-сі «Бизнес тірегі» сайтына түсті, осылардың 14 жағдайында кәсіпкерлердің құқығының бұзылуы фактілері расталды. Мәселен, Исатай аудандық прокуратурасына «Бизнес тірегі» сайтынан «Есмурзина Ш.» ЖК-нің СЭС тарапынан көрсетіліп отырған заңсыз әрекеттер туралы шағымы келіп түсті. хабарламада көрсетілген фактілер расталды, нәтижесінде тексеру тағайындау жөнінде 11 акті және 10 әкімшілік өндірістер кері қайтарылып, аудандық СЭС басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтерді тексеру барысында олардың кәсіпкерлерді заңсыз тексергендігі анықталып, нәтижесінде прокуратура 46 тексеру тағайындау жөнінде акті және 23 әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы кері қайтарылды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА