Атырау, 26 қараша 16:26
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жаңажылдық жеңілдіктер

2 173 просмотра

2013 жылдың 26-31 желтоқсанда және 2014 жылдың 2-5 қаңтарында Атырау қаласында мерекелік жәрмеңкелер өтеді. Онда қала тұрғындары мен қонақтары 15 пайыз жеңілдікпен азық-түліктер сатып ала алады.

Бұл туралы баспасөз конференциясында «АтырауАгроСервис» ЖШС директоры Асқар БИСЕНОВ, қалалық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімдерінің басшылары Сәден ЛҰҚПАНОВ пен Қадырғали ЛҰҚПАНОВ хабарлады. Жәрмеңкелер Балықшы поселкесінде («Аққу» дүкенінің алдында) және Жилгородокта «Мұнайшы» стадионының жанында өтеді. Оған жалпы 70 көтерме сауда иелсі, облыстағы 10 шаруа қожалығы және Астраханнан 6 жеке кәсіпкер қатысады.

«Дастан», «Қазиев», «Бисен», «Камалов» және «Бақтыгүл» шаруа қожалықтары бір келісі 800-850 теңгеден жас сиыр етін сататын болады. «Тілекші», «Жамбыл» және «Інжу Маржан» балық аулау артельдері келісі 300-350 теңгеден балық өнімдерін, Аққыстаудан «Торы-агро» ЖШС – 800-1200 теңгеден табиғи шұжық өнімдерін ұсынады. «Жаресов», «Гасанов» жеке кәсіпкерлері, «құлсарылық «Бақай», астрахандық «Владимирская» мен «Степная» құс фабрикалары жұмыртқаның бір данасын 19-21 теңгеден, «АтырауАгроСервис» ЖШС картоптың бір келісі 65 теңгеден сататын болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 желтоқсан 2013, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.