Атырау, 24 қараша 03:48
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейде губернатордың корпоративтік кеші жаппай төбелеспен аяқталды

1 786 просмотра

Ресейдің Мурманск облысы губернаторының жаңа жылдық корпоративтік сауық кеші жаппай төбелеспен аяқталды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Сауық кеште жанжал бірнеше рет болған. Басында облыстық биліктің мүшелері мен депутаттары «халық қалаулыларының» біріне ән айтқызбай қоюға қатысты сөзге келіп қалған. Бұдан кейінгі ұсақ-түйек сылтаулар да «дөкейлер» арасында төбелестің өршуіне себепші болған.

Тойлауға келгендердің арасын жұдырықпен ғана емес төбелеспей арасында бөтелкені де «қаруға» айналдырыпты. Айталық жергілікті «ТНТ-Блиц» телеарнасының директоры Василий Пимин «Росатомфлот» директорының орынбасары Мұстафа Кашкидің басын бөтелкемен ұрған, басты қайдам бөтелке сынып кетіпті. Ақыры жанжалды басуға полиция жасақтары тартылады.

Корпоративті кешке 150 адам шақырылған, оның ішіне облыстық билік өкілдері, депутаттар, мемлекеттік компания және құқық қорғау органдарының басшылары болған.

Дереккөз: bnews.kz

27 желтоқсан 2013, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.