Атырау, 26 қараша 16:49
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Рысқалиевтың ұйымдасқан қылмыстық тобы» ісі бойынша негізгі сот бір айға шегерілді

3 575 просмотра

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ қызметіне байланысты тұлғалар тобын айыптау жөніндегі негізгі сот ісінің күні белгіленді.

Облыстық соттың баспасөз қызметіхабарлағандай, 22 айыпталушыға қатысты сот процесі 2014 жылдың 23 қаңтарында басталады. «Осы қылмыстық істің аса күрделі екендігін, оның көлемі мен көп эпизодты екенін, сондай-ақ, процесске қатысушылардың мәлімдеген өтініштерін ескере отырып, сот негізгі сот отырысының басталу уақытын ұзартты».

Негізгі судья болып, Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Гүлмира ДӘУЛЕТОВА тағайындалды.

Тыңдау басталғанға дейін және бірінші отырыс кезінде адвокаттар мен айыпталушылардың соттар мен айыптаушыларға қарсылық білдіру туралы берген даулы өтініштері болжамды нәтиже бермеді. Олардың бірін, Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық сотына қарсылық білдіруге негіз жоқ болғандықтан, судья Гүлнәр ХАЖЕНОВА қабыл алмады. Бұл шешімге шағым жасалмайды. Бүкіл облыстың сот құрамына және мемлекеттік айыптаушыларға сенімсіз екендіктері туралы отырыс кезінде мәлімделген екінші өтініш те қабыл алынбады, бірақ олардың бұл шешімге шағымдану құқықтары бар.

- Біз бірқатар себептер бойынша облыс судьяларына сенімсіз болғандықтан, осы істі әділ және бейтарап түрде қарауға қабілетті сот құрамын және қылмыстылықты анықтау үшін осы істің Жоғарғы сотқа берілуін талап еттік, - деп нақтылайды адвокат Игорь ВРАНЧЕВ. – Біздің өтінішіміздің қабыл алынбауына шағымдану құқығымыз бар болғандықтан, біз осы құқығымызды пайдаланатын боламыз.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

26 желтоқсан 2013, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.