Атырау, 24 қараша 03:51
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Барак пен Мишель Обама ажыраспақ

1 919 просмотра
Барак пен Мишель Обама ажыраспақ, деп хабарлайды АҚШ-тың «Нейшнл Инкуайер» басылымы Ақ үйдегі дереккөзге сілтеме жасай отырып. Бұл ақпаратты басқа да шетелдік БАҚ таратуда, деп хабарлайды 24 kz.

Басылымның жазуынша, Барак пен Мишель бөлек бөлмеде тұрады. Тіпті АҚШ-тың бірінші ханымы адвокатпен кездесіп, ресми ажырасу жайын талқылап та үлгерген. Обамалар шаңырағындағы келеңсіздік бірнеше жыл бұрын басталған. Жақында ақпарат құралдарында пайда болған бейнежазбалар мен суреттер бұл оқиғаны жандандыра түскен. Барак Обама Нельсон Манделамен қоштасуға арналған қаралы жиында Данияның Премьер-Министрі Хелле Торнинг-Шмиттпен көңіл жарастырып, қатты күліп, суретке түскен. Олардың «ойын-сауығы» орталарына Мишель отырып алғаннан кейін ғана тыйылған. Қазір қарапайым халықтан Мишельге қолдау көрсеткен хаттар толассыз түсіп жатыр.

Дереккөз: bnews.kz

26 желтоқсан 2013, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.