Атырау, 21 желтоқсан 10:25
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

2 310 просмотра

Екі жүздің ең үздігі

«Атырау» ДСК-нде 2000-2002 ж.т. жасөспірімдер мен қыздар арасында дзюдодан Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Мәлік Сүлейменовтың жүлдесі үшін республикалық турнир өтті. 

Жарысқа 200-ден аса жас спортшы қатысты. Атырау облысы құрамасының сапында келесілер жеңімпаз атанды (жасөспірімдер): 30 келіге дейін - Темірлан Өтеген (Атырау), 34 келіге дейін - Дулат Аманқосов (Мақат), 46 келіге дейін - Жәнібек Тельман (Миялы), 50 келіге дейін - Дінмұхаммед Шаменов (Атырау), 66 келіге дейін - Серікболсын Шынтас (Атырау); (қыздар) 40 келіге дейін - Ақарна Мұхамбетова (Аққыстау), 57 келіге дейін - Тілекші Дүйсенова (Атырау), 57 келіге дейін -Диана Амангелдіқызы (Доссор).

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

***

 

«Айдардың» арландары

Атыраулық спортшы Асыланбек Тәженов Мәскеуде өткен әскери самбодан әлем чемпионатында күміс медаль ұтып алды. 

74 келіге дейінгі салмақта ол алдымен түркімен палуанын ұпай бойынша ұтты, содан кейін өзбекстандық спортшыны нокаутқа жіберіп, финалда украиндыққа бір ұпай айырмасымен есе жіберіп қойды.

Алматыда өткен әскери самбодан Азия чемпионатында Азамат Өтеулиев осындай жетістікке қол жеткізді. 84 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен ол Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей құрамаларының өкілдерін жеңіп, ақтық айқаста алматылық палуаннан ұпай бойынша ұтылып қалды. Нәтижесінде – 2-орын.

Жігіттер «Айдар» кәсіби спорт клубында Сағындық Мекеевтің жетекшілігімен жаттығу жасайды.

***

 

Сәттілік қайта оралды

23 жасар атыраулық палуан Илья Насточенко Астанада өткен грек-рим күресінен Қазақстан президентінің кубогында қола медальға ие болды. 

Турнирге Ресейдің, Белорус-сияның, Қырғызстанның, Өзбекстанның және Қазақстанның барлық облыстарының мықты палуандары қатысты. Илья өзінің негізгі қарсыласы петропавлдық А. Қабдоловты ұтып, содан кейін ресейлік спортшыға есе жіберіп қойды. Ал 3-орын үшін болған белдесуде Астана өкілін жеңіп, қола медальға ие болды. 

- Біз Ильяның осы жеңісіне өте қуаныштымыз, өйткені соңғы уақытта жолы болмай, жеңіліп қалып жүрді,- дейді облыстың аға жаттықтырушысы Рашид Мусин. – Енді бәрі жақсы болады деп үміттенеміз. 

Ильяны 4-БЖСМ бапкері Батырбек Баймұратов жаттықтырады.

***

 

Жерлестер жеңісі

1-ОРМБЖСМ-де 1997-2000 ж.т. жасөспірімдер және 1994-96 ж.т. жастар арасында грек-рим күресінен республикалық турнир өтті. 

Жарысқа Атырау, Ақтөбе, Шалқар, Жаңаөзен, Ақтау және Қызылордадан жас палуандар қатысты. Барлық ойналған 18 жүлденің 10-ы Атырауда қалды. Облыс құрамасының сапында келесілер жеңімпаз атанды: (жасөспірімдер): 30 келіге дейін - Абылай Қапен, 36 келіге дейін - Тұрлан Хайроллаев, 42 келіге дейін - Руслан Рахимов, 46 келіге дейін - Қайырбек Дүйсембай, 50 келіге дейін - Ертарғын Жолшакенов, 63 келіге дейін - Эльдар Тоғызбаев; (жастар) 55 келіге дейін - Әділжан Елемесов, 60 келіге дейін - Алмас Мұратоллаев, 66 келіге дейін - Исраил Изатов, 84 келіге дейін - Ербол Тілепов. А.Мұратоллаев «Үздік техникасы үшін» сыйлығына ие болды.

***

 

Тараздағы жетістік

Таразда өткен Қазақстан кубогында облыстық «Намыс» кекушинкай карате-до федера-циясының шәкірттері сәтті өнер көрсетті. 

Ақылбек Садырбеков (60 келіге дейін) пен Андрей Котов (70 келіге дейін) алтын медаль ұтса, Рүстем Байбосынов (60 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды. Спортшыларды Танат Нұрымов жаттықтырады.

***

 

Жасы да, кәрісі де бар

«Мұнайшы» спорт кешенінде муай-тайдан қала чемпионаты өтті.

Жарысқа барлық жастағы 90-нан аса спортшы қатысты. Өз салмақ дәрежелерінде келесілер жеңімпаз атанды: 6-7 жас - Бисенбай Арсен, Асқар Расул; 8-9 жас – Дәулет Мұратов, Рамиль Маратов, Артур Сабырұлы, Ділмұхамед Бейсенов, Дидар Зиннуров; 10-11 жас - Жасұлан Қалиев, Әділжан Амангелдиев, Азамат Сүлейменов, Альтаир Әміров, Әбілхайыр Мұхтаров, Тимуджин Бағытжанов, Мұхамедали Мақсот, Диас Серік; 12-13 жас - Еркебұлан Асқарұлы, Бекзат Салахаденов, Арыстанбек Қадыров, Еламан Өтегенов, Жұмабек Орынбасаров, Артур Темірбеков, Нұрдәулет Сейітқалиев; 14-15 жас -Қуанышбек Тұралиев, Дидар Жеңіс, Айбек Ақылбеков, Айбек Тынышқалиев, Серікқали Дәулетов; 16-17 жас - Рахим Бекқазы, Жұмабек Орынбай, Шыңғысхан Камалов, Әлихан Идрисов, Рахман Бекқазы, Илья Сүлейманов; ересектер арасында – Наурызбек Батырбаев, Жасұлан Төлегенов, Бауырбек Мұқанжан, Нұрбол Қасымов, Абдулла Мұқанжанов. Арнайы сыйлықтармен марапатталғандар: «Жеңіске деген жігері үшін» -Сұлтан Төлешов, «Үздік вайкеру үшін» - Юсуп Мухтасип, «Үздік техникасы үшін» -Еламан Өтегенов.

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

***

 

Мерейтой иелері жеңіске жетті

Мұз сарайында шайбалы хоккейден әуесқой командалар арасында облыстың энергия жүйесіне 50 жыл толуына арналған халықаралық турнир өтті. 

Жарысқа жергілікті «Мұнайшы», «Фантом», «Прикаспиец» және «Энергетик» командалары, сондай-ақ, Орал мен Астраханнан бір-бір командадан қатысты. Алдын-ала ойындардан кейін, 3-орын үшін болған «Прикаспиец» ойыншылары өзінің «Фантом» жастар командасын 3:1 есебімен ұтты. Хоккей мерекесінің финалдық ойынында «Энергетик» «Орал» командасын 5:4 есебімен ұтты

Турнирдің үздік ойыншылары: қақпашы - Юрий Степанов («Орал»), қорғаушы - Анатолий Уримцев («Прикаспиец»), шабуылшы - Дмитрий Митрясов («Энергетик»).  «Прикаспиец» командасының болашағынан үміт күттіретін ойыншысы Никита Бараков жеке сыйлыққа ие болды.

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.