Атырау, 17 қаңтар 14:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -11
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Жемқорлыққа қарсы студенттер

6 241 рет қаралды

Облыстық Ш.Сариев атындағы өнер музейінде жемқорлыққа қарсы суреттер арасында «Жастар жемқорлыққа қарсы» атты көркемсурет байқау-көрмесі өтті.

Белгілі атыраулық суретші Исім АРЫСТАНОВ төрағалық еткен қазылар алқасының шешімімен байқау қорытындысы бойынша  1-орынға Х.Досмұхамедов атындағы АМУ студенті Айзада КЕНЕНОВА (суретте) лайықты деп танылды.2-орын Атырау аграрлық-техникалық колледжінің студенті Аққайша ЧАПАЕВАҒА бұйырды. 3-орын да сол оқу орнының студенті Нұрбол ОЙЛЫБАЙДЫҢ еншісіне тиді. Сондай-ақ, байқауда 4-орын жүлдесі де тағайындалыпты - ол Х.Досмұхамедов атындағы АМУ студенті Асылхан САПАШЕВҚА тапсырылды.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

26 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.