Атырау, 26 қараша 16:45
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қысқа қайырғанда

1 918 просмотра

Атырау қаласының әкімі Серік Айдарбеков 20 желтоқсанда Водников поселкесінде орналасқан ІІМ әскери бөлімшесіне аяқ басты. Ол казармаға, сарбаздар асханасына барып, әскери қызметті өтеу жағдайымен танысып, әскери қызметкерлермен тілдесті. Қала әкімі облыс орталығындағы қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз еткендері үшін оларға алғыс білдірді.

***

 

Күнкөріс минимумының мөлшері 2013 жылдың қарашасында орташа алғанда бір тұрғынға шаққанда 9,7 пайызға азайып, 18 314 теңгені құрады.

***

 

Атырау облысындағы орташа айлық еңбекақы қараша айында 186 212 теңгені құрады (2012 жылдың қарашасымен салыстырғанда 6,7 пайызға, нақты тұлғалауда – 2,4 пайызға өскен).

***

 

Атырау облысындағы ірі және орташа кәсіпорындардың (мекемелердің) 2013 жылдың қарашасында жалдамалы жұмысшыларының саны 156 827 адамды құрады – бұл 2012 жылдың қарашасына қарағанда 0,5%-ға аз.

26 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.