Атырау, 26 қараша 16:47
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Кәсіподақтар бөлінуге қарсы

2 168 просмотра

Қаладағы қонақүйлердің біріндегі мәжіліс залында «Ақпарат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Кәсіподақтар туралы» жаңа Заң жобасын талқылауға арналған семинар өтті.

Заңгер Николай ДРУГОВ (суретте) қатысушыларға ҚР Еңбек Кодексі бойынша еңбек келісімшартында жұмысшының құқығы мен міндеттері анық көрсетіліп жазылуы тиіс екенін айтып өтті. 

- Алайда, бұл заң талаптары орындалмай жататын кездер аз емес. Мәселен, заң бойынша жұмысшылардың мерзімнен тыс уақыттағы жұмыс істеу уақыты күніне 1 сағаттан және жылына 120 сағаттан аспауы тиіс. Ал жұмыс берушілердің адамдарды күніне 10 сағат жұмыс істетіп отырған жағдайлар бар. Мекеме басшылары жұмысшыларға мерзімнен тыс уақыттағы жұмыс үшін жалақы төленетінін айтып ақталады, ал іс жүзінде бәрі бірдей толық төлемейді. Себебі, еңбекақысын төлеудің нақты шарты еңбек келісімшартында анықтап көрсетілмейді.

Сондай-ақ, ол қазір жұмысшыларға негізгі міндетінен бөлек, қосымша міндет жүктейтін жағдайлардың көп екендігіне тоқталды. Одан бөлек, қызметкермен жасалатын материалдық жауапкершілік туралы келісімшарт кәсіподақпен келісілуі тиістігі де айтылды.

– Барлық материалдық шығынды бір адамға арта салуға болмайды. Себебі, бұл жерде жұмыс беруші қажетті еңбек жағдайларын туғызып отыр деген ұғым да кездеседі, - дейді Другов.

Облыстағы мұнай-газ саласы жөніндегі кәсіподақ комитетінің төрағасы Елена МУСТАФИНАНЫҢ пікірінше,«Кәсіподақтар туралы» жаңа заң жобасындағы 15-бапты (Жергілікті кәсіподақ) мүлдем алып тастау қажет. Ол кәсіподақ қозғалысының тұтастығын жою жақсылыққа апармайтын іс деп есептеледі. Кәсіподақтар белсенділері осы және өзге де ұсыныстарды жазбаша түрде Атырау облысынан сайланған сенатор Қайрат ИЩАНОВҚА жолдады.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

26 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.