Атырау, 29 қыркүйек 10:32
 ашықВ Атырау +25
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Құтқару шебіндегі жыл адамы

3 457 просмотра

Қалалық әкімдік дәстүрлі түрде, олардың пікірінше, үздік жыл адамдарын атады.

Әлеуметтік саладағы үздік қызметкер – жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр НҰРЖАНОВА.

Жылдың үздік спортшысы – Абзал ДҮСІПОВ. АМУ-дің төртінші курс студенті, кикбоксингтен Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2010 және 2012 жылдардағы Әлем кубогының иегері, биылғы жылы Түркияда әлем чемпионы атанды.

Жылдың үздік дәрігері - №2 емхананың учаскелік дәрігері Гүлнәр ДҮЙСЕНҒАЛИЕВА.

Үздік мұғалім – ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның физика пәнінің мұғалімі Гүлмарал АБИЛОВА.

Үздік тәрбиеші – №16 «Дюймовочка» балабақшасының тәрбиешісі Назгүл ШАХМАНОВА.

Үздік мәдениет қызметкері – Еркінқала селолық кітапханасының меңгерушісі Зоя ІЗТІЛЕУОВА.

Үздік журналист – «Қазақстан-Атырау» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің редакторы Ләззат ӨТЕПОВА.

Үздік үкіметтік емес ұйым қызметкері -Мартагүл ҚАНАТОВА.

Үздік санитарлық дәрігер – қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бөлім басшысы Әлия НҰРЖАНОВА.

Ауыл шаруашылығы саласының үздік қызметкері –«Арай» шаруа қожалығының жетекшісі Жұмахмет ХҰБАЙДУЛЛИН.

Құқық қорғау саласының үздік қызметкері - учаскелік полиция инспекторы Әлібек ДӘУКЕБАЕВ.

Үздік төтенше жағдайлар қызметкері - аға өрт сөндіруші және құтқарушы Аслан ӨТЕНОВ.

Үздік кәсіпкер – «Теңізмұнайқұрылыс» АҚ президенті Абай ЖҰМАҒҰЛОВ.

Үздік құрылысшы – «Юкон бизнес групп» ЖШС директоры Григорий КРАМАРЬ.

Үздік сәулетші – Рашим ГИЛЬМАНОВ.

Үздік пәтер иелері кооперативі – «ММ-19».

Үздік селолық округ әкімі аппаратының қызметкері – Геолог селолық округ әкімі аппаратының бас маман-ветеринары Асхат ҚАЛИЕВ.

Үздік мемлекеттік қызметкер - Атырау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау бөлімінің басшысы Әділжан САДЫҚОВ.  

Үздік меценат – Гүлфара ИСМАҒҰЛОВА. Өнер мен мәдениетке, тарихи мұраға, спортқа үнемі жанашырлық танытып жүреді. 400-ден астам село тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.

Жыл адамы– Өртке қарсы қызмет старшинасы Руслан БОРАНБАЕВ. Бірнеше ірі және күрделі өртті сөндіруге қатысқан. 15 желтоқсан күні Азаттық даңғылындағы тұрғын үйде орын алған өрт кезінде сәбиді анасымен аман алып шықты.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

26 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.