Атырау, 26 қараша 16:26
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жұт сегіз ағайынды

2 012 просмотра

ТЖ министрлігі өз сайтында Қазақстан өңірлерінің табиғи зілзалаларға бейімділігін көрсететін картаны жариялады. 

Әр облыс мүмкін болар төтенше жағдайларды білдіретін түрлі түсті дөңгелектермен белгіленген. Осы белгілердің ішінде төтенше жағдайлардың тууы мүмкін уақыттары көрсетілген.

Атырау және Батыс Қазақстан облыстары аумағында мүмкін болар сегіз белгінің алтауы салынған. Бұлар: су тасқыны (мамыр-маусым), нөсер жауын мен дауыл жел (шілде-тамыз), қарлы боран (қаңтар-ақпан), ыстық пен құрғақшылық (шілде-тамыз), қаркөшкіні (желтоқсан, сәуір-май), жер сілкінісі. Құдай тек қар көшкіні мен селден сақтаған екен. 

Көрші Маңғыстау облысы бес белгімен белгіленген. Өйткені, онда өзен жоқ, яғни, су тасқыны қаупі жоқ. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Алматы қаласы барлық сегіз белгімен белгіленіпті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.