Атырау, 26 қараша 16:58
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

АСА облысқа өтеді

1 610 просмотра

20 желтоқсанда Атырауға ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРА) төрағасының орынбасары Аманжол АЛПЫСБАЕВ (суретте) келді. 

Ол «АтырауСуАрнасы» КМК қызметімен танысты және облыстық әкімдіктегі жиналысқа қатысты. А. Алпысбаев 2015 жылы Қазақстанда мұнай өңдеу зауыттарының, ЖЖБ, арақ-шарап зауыты және басқа да акциздік салық салынатын нысандардың қызметтеріне бақылау жасайтын автоматты жүйе енгізілетінін хабарлады.

Облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВТЫҢ баяндамасынан келесілер белгілі болды: 2013 жылы қарашада ТМРА Атырау қаласында су тарифін 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап әр текше метрге 80-100 теңгеге дейін өсіруге рұқсат берді. Нәтижесінде тұрғылықты халық үшін орташа тариф әр текше метрге 53,7-ден 68,28 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз), кәріз жүйесі қызметі үшін әр текше метрге 24,1-ден 31,39 теңгеге дейін өсті.

АСА-да су дайындаудың өзіндік құны қазір әр текше метрге 87 теңгені құрайды. Тарифті көтеру нәтижесінде түскен қаржыға кәсіпорын қуатты көп жұмсайтын сорғылардың орнына үнемдеуші помпаларды қондырады. С. Нақпаев «сорғы» бағдарламасына ақша жетпей қалса, ТМРА-ға суды тағы да қымбаттату жөнінде рұқсат беруге құқығы бар екенін айтып өтті. 

Әкім орынбасарының айтуынша, облыстық әкімдік АСА-ны қалалық әкімдіктің басқаруынан алып, облыстық энергетика және ТКШ басқармасына беруді жоспарлауда. А. Алпысбаев бұл бастаманы мақұлдап, АСА қызмет көрсету аймағына Атырау қаласынан басқа тағы да бірнеше аудандарды қосуды ұсынды:

Қазір аудандық су арналарының басшылығы кейде смета әзірлей алмай жатады. Мұндай өкілдермен банктер тіптен сөйлеспейді. Ал қалалық су арнасы оларға несие алып бере алады. Батыс Қазақстан облысы елде бірінші болып осы тәжірибені қолданды. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

26 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.