Сонымен қатар, Украинаға кіруге Грузия, Германия, АҚШ-тың 36 азаматына тыйым салынған. Осыған бастамышы болған халық депутаты Олег Царев тиісті сауалды Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы мен Сыртқы істер министріне жолдаған. Персона нон грата тізімінде Саакашвилимен бірге 29 грузиялық азамат енгізілген. Царевтің мәлімдеуінше, кейбір шетелдік азаматтардың әрекеттері ұлттық қауіпсіздікке қатер туғызуда.
Естеріңізге сала кетсек, Михаил Саакашвили 7 желтоқсанда Тәуелсіздік Майданында сөз сөйлеп, еуропалық интеграция жақтастарын қолдаған.
Дереккөз: Baq.kz