Атырау, 26 қараша 16:42
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Пойыз құрамындағы өзгерістер

2 176 просмотра

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша,  өндірістік қажеттіліктерге байланысты «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған келесі жүрдек пойыздардың құрамдары өзгереді:

- №1/2 «Алматы-2 – Астана» 22-ден 31 вагонға дейін көбейді. Жаңа құрамдағы пойыз Алматы-2-ден 2014 жылдың 3 ақпанынан бастап, Астанадан 2014 жылдың 4 ақпанынан бастап жүре бастайды;

- №2/1 «Астана - Алматы-2» екі күнге 22-ден27 вагонға дейін көбейді. Астанадан 2014 жылдың 2 және 3 ақпанында қозғалады;

- №19/20 «Астана - Атырау» 22 вагонға дейін қысқартылды (23 және 27 вагонның орнына). Астанадан 2014 жылдың 2 ақпанынан, Атыраудан 2014 жылдың 3 ақпанынан бастап жүре бастайды;

- №64/63 «Астана – Семей» 22 вагонға дейін қысқарды (23 және 27 вагонның орнына). Астанадан және Семейден 2014 жылдың 5 ақпанынан бастап жүре бастайды;

- №88/87 «Ақтөбе – Астана» 27-ден 23 вагонға дейін қысқарды. Ақтөбеден 2014 жылдың 4 ақпанынан бастап, Астанадан 2014 жылдың 5 ақпанынан бастап жүре бастайды;

- №151/152 «Алматы-2 – Петропавл» 35-тен 27 вагонға дейін қысқарды. Алматы-2-ден 2014 жылдың 3 ақпанынан бастап, Петропавлдан 2014 жылдың 4 ақпанынан бастап жүре бастайды.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

26 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.