Атырау, 29 қыркүйек 10:18
 ашықВ Атырау +25
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Бергей ісі: Адвокаттар Атырау судьяларының барлығына қарсылық білдірді

4 486 просмотра

Бүгін, 24 желтоқсанда, сағат 10-да Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Атырау облысының экс-әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ ұйымдасқан қылмыстық тобының істері жөнінде алдын ала тыңдау процесі басталды. Айыпталушылар орындығына 22 адам отырды.

Отырыс жабық режимде жүріп жатыр. Әжептәуір қауіпсіздік шаралары алынды: сот ғимаратының алдына көліктерді қоюға тыйым салынды, аумақты полицияның бірнеше жасақтары күзетуде.

Айыпталушылардың басым бөлігі үйқамақта отыр, олар сотқа өздері келді. Бұлар облыс әкімінің бұрынғы орынбасарлары Асқар ӘБДІРОВ, Болат ДӘУКЕНОВ, «Атырау облыстық құрылыс басқармасы» ММ бастығының орынбасары Ибрагим ӘМІРОВ, құрылыс басқармасының бастығы Нұрлан КЕНЖЕБЕКОВ, энергетика басқармасының бастығы Бауыржан ЖАЙСАҢОВ және т.б. Рысқалиев құрған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ретінде барлығы 22адам айыпталуда, тағы 11-іне халықаралық іздеу жарияланған: бұлар Рысқалиевтың өзі, оның інісі ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Аманжан РЫСҚАЛИ, олардың жақын туыстары мен отбасына жақын адамдар.

20 шақты адвокат қорғау қызметін көрсетеді. Біз бірнеше қорғаушылармен байланыс жасап отырмыз. Олардың куәлік етуінше, отырысты теңдессіз деп айтуға болады. 10-нан астам адвокат пен олардың қорғалушылары Атырау облысының бүкіл судьяларына сенімсіз екендіктері туралы мәлімдеп, оларға қарсылық білдірді. Бұл ақпаратты адвокат Нұрлан ЖОЛБОЛОВ та растады:

- Иә, бірақ бұл өтінішті қабыл алмады. Авокаттар қайтадан өтініш берді, бұл жолы мемлекеттік айыптаушыға да қарсылық білдірді. Бүкіл осы мәселелердің барлығы түстен кейін жария етіледі. Әлі шешілмеген басқа сипаттағы көптеген өтініштер де бар.

- Бізде Атырау облысының бүкіл судьялар корпусына қарсылық білдіру үшін негіздердің бірі ретінде адвокаттар тергеуге дейінгі тексеру материалдарында облыстық соттың қазіргі төрағасы Мұхтар СМАҒҰЛОВТЫҢ аты бар екендігін мәлімдеді, соған байланысты қорғау тарапы істің нәтижесіне теріс әсері болуынан қауіптенеді деген мәлімет бар. Екіншіден, адвокаттар өздерінің әлденеше рет жұртшылыққа мәлімдеулері арқылы жұртшылық пікірін қалыптастырып, істің нәтижесіне әсерін тигізеді деп, облыстың қазіргі басшылығын да атап өтті.

- Мұндай уәждер шынымен де бүгін айтылды.

- Атырау сотының әділдігіне күмән де айтылды. Оның өкілдері айыпталып жатқан бұрынғы лауазымды тұлғалардың кейбіріне жылжымайтын мүлік, жер телімдері және басқа да игіліктер үшін борыштар деседі.

- Иә, адвокаттар осындай да пікірлер айтты.

Соған қарағанда, алдын ала тыңдау бір отырыспен шектелмейтін секілді. Сағат 13.30-да бір сағат үзіліс жарияланды, талқылау түстен кейін жалғасатын болады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

24 желтоқсан 2013, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.