The Telegraph хабарлауынша, «Боинг 747»-ні басқару кезінде ол қанатымен ұшып-қону жолағына жақын орналасқан кірпіш ғимаратты қағып кеткен. Соққы салдарынан кірпіш ғимараттың бір бөлігі қирады.
«Біздің ұшақтардың біріне Йоханнесбург әуежайында ұшу кезінде зақым келді. 182 жолаушының барлығы дін аман. Ұшақта болған адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ», - делінген әуе компаниясының микроблогында.
Дереккөз: ҚазАқпарат