Атырау, 24 қараша 03:22
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қадыров Шешенстанның «Газпром» алдындағы қарызын мойындамады

1 385 просмотра
Шешенстан президенті Рамзан Қадыров елдің «Газпром» алдыңдағы $1 млрд қарызын күмәнға алды, деп хабарлайды Интерфакс агенттігі.  

Қадыровтың айтуынша, бұл сандар негізсіз көрсетілген. «Менің қолымда Шешенстан Республикасы «Газпромға» қарыз екенін растайтын құжат жоқ. Мен де олар секілді «Газпром» бізге 100 миллиард рубль қарыз деп айта аламын», - деді ол.
Оның айтуынша, Шешенстанның газ үшін осынау үлкен соммадағы қарызын алдымен негіздеу керек. Қадыровты Дудаев кезіндегі барлық жайттар өз күшін жойғанмен, қарыздардың ұмтылмағаны таң қалдырып отыр.
Ал, «Газпромның» баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2013 жылдың 1 қарашасында елге қойылған, бірақ төлемге ұсынылмаған газдың көлемі 27,8 млрд рубльге теңелген және Шешенстандағы барлық деңгейдегі тұтынушылардың 9,5 млрд рубль көлемінде уақыты өткен берешегі бар дейді.

Дереккөз: BAQ.KZ

19 желтоқсан 2013, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.