Атырау, 24 қараша 03:49
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

БҰҰ ғаламтор пайдаланушысын заңсыз аңдуға қарсы резолюция қабылдады

1 633 просмотра
БҰҰ Бас Ассамблеясы ғаламтор пайдаланушыларын заңсыз аңдудан қорғауға шақыратын резолюцияны бірауыздан қолдады, деп хабарлайды ресейлік lenta.ru.

«Құжаттың мәтінінде адамның барлық негізгі құқығы мен бостандығы, жеке өмірі ғаламтор бетінде де қорғалуы тиіс делінген. Мысалы интернетте адамның жеке өміріне қол сұғылмауы тиіс. Резолюцияда азаматтардың электронды жазбаларын аңду және жасырын тыңдауға жол берілмейді және оған тыйым салынуы қажет», - деп көрсетілген жазбада.

Сонымен бірге резолюция БҰҰ-ның барлық елдеріне барлау мекемелері мен арнайы қызметтерін реформалауға шақырады.

Дәлірек айтсақ, тәуелсіз бақылау органдарын құру ұсынылған. Ол әрбір ғаламтордағы аңду оқиғасы бойынша оның заңдылығы мен негізді екендігін анықтайды.

Бұл құжатты бұған дейін БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті мақұлдаған болатын. Резолюция жобасы жасалып жатқан кезде 55 мемлекет оны қолдап шыққан.

Дереккөз: bnews.kz

19 желтоқсан 2013, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.