Атырау, 21 желтоқсан 10:06
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

5 252 просмотра

Шеберді еске алу

«Атырау» ДСК-нде Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері Тұрлан Нұрмұхановты еске алуға арналған 2000-02 ж.т. жасөспірімдер арасында еркін күрестен халықаралық турнир өтті.

Турнирге Қазақстанның 13 қаласыныңөкілдері, сондай-ақ, Өзбекстан мен Ресейдің палуандары қатысты. Біздің облыс құрамасының сапында Айдос Қизатов (33 келіге дейін) және Әлфараби Ақжігітов (42 келіге дейін) жеңімпаз атанса, Нұржан Мұхтаров (24 келіге дейін), Алтынбек Смағұл (36 келіге дейін) және Абай Лұқпанұлы (66 келіге дейін) «күміс», Айдар Сағынбай (33 келіге дейін), Ерсұлтан Ерболатов (42 келіге дейін), Бекзат Жолдасов (47 келіге дейін) және Азамат Төлеген (66 келіге дейін) «қола» жүлде олжалады.

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

***

 

Сібір «күмісі»

Красноярскіде 1998-99 ж.т. жасөспірімдер арасында еркін күрестен үш дүркін олимпиада чемпионы Буайсар Сайтиевтың жүлдесіне арналған 9-шы халықаралық турнир өтті. 

Облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Асылан Жаманбаевтың айтуынша, бұл турнирде құлсарылық Ерболат Рахман жақсы өнер көрсетті. Ол 3 жеңісті айқас өткізіп, тек ақтық сында кілем иесіне есе жіберіп алды. 

Бұл Ерболаттың осы жылда жеткен алғашқы жеңісі еместігін айтып өткен жөн. Қыркүйекте ол Алматыда Еуразиялық Ойындардың жеңімпазы атанды. Спортшыны КСРО спорт шеберлері Қабдығали Жұманов пен Нұрлан Әлжанов (Жылыой аудандық БЖСМ) жаттықтырады. 

***

 

Алматыдан жүлдемен оралды

Алматыда ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Манарбек Таутановты еске алуға арналған 1994-96 ж.т. жастар арасында дзюдодан ІІ ашық республикалық турнир өтті.

Бұл турнирде 73 келіге дейінгі салмақта белдескен атыраулық спортшы Табиғат Мағауия (бапкері – А. Қыздарбаев) алтыннан алқа тақса, 66 келіге дейінгі салмақта Мереке Күнқақов (бапкері – Ж. Қиянов) қола жүлдегер атанды. 

***

 

Атырау мен Исатайдың алтын жемісі

Атырау мен Исатай алтын жүлделері үшін Авангард 4 ықшамауданында дзюдодан Дене шынықтыру мен спортты дамыту орталығының біріншілігі өтті. 

Жарысқа Атырау қаласынан 1-БЖСМ мен 1-ОРМБЖСМ және облыстың 6 ауданы командалары қатысты. Атырау қаласы мен Исатай ауданының спортшылары әрқайсысы 6 алтын медальдан алғанын атап өткен жөн.

Жарыс жеңімпаздары: (жасөспірімдер) 34 келіге дейін – Дулат Аманқосов (Мақат), 38 келіге дейін – Ақылбек Матаев (Жылыой), 42 келіге дейін – Ермек Амангелді (Атырау), 46 келіге дейін – Ерболат Серіков (Исатай), 50 келіге дейін – Айбек Әділов (Индер), 55 келіге дейін – Әділет Құлшин (Атырау), 60 келіге дейін – Серікболсын Шынтас (Атырау), 66 келіге дейін – Саян Қайырғалиев (Атырау), 66 келіден жоғары – Исатай Абаев (Атырау); (қыздар) 36 келіге дейін – Құралай Қоныбекова (Исатай), 40 келіге дейін – Ақарна Мұхамбетова (Исатай), 44 келіге дейін – Жанна Әмірханова (Исатай), 48 келіге дейін – Гүлжаухар Қоныбекова (Исатай), 52 келіге дейін – Айдана Тянова (Атырау), 52 келіден жоғары – Айшат Мұратқызы (Исатай).

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

 

***

Жеңіс біздікі

Петропавловскіде 1996-97 ж.т. жастар арасында бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері К. Сафинді еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

Жарыстарға Ресей мен Қазақстанның былғары қолғап шеберелері қатысты. Облыс құрамасы келесідей нәтиже көрсетті: Оразбек Тайшыбаев (56 келіге дейін), Нұрғиса Көпжасаров (81 келіге дейін) күміс жүлдегер атанса, 64 келіге дейінгі салмақта Мирас Елубаев қола медаль олжалады.

***

 

Мектеп боксы

«Мұнайшы» спорт кешенінде оқушылар арасында бокстан Дене шынықтыру және спорт орталығының біріншілігі өтті.

Өз салмақ дәрежелеріндеМереке Тәжиев, Мерей Құрманғазы, Расул Сатанов, Асылбек Нұғыманов, Айбек Жолдыбаев, Дархан Эдуардұлы, Еламан Рахметоллаев, Альберт Набидоллаев, Мұстафа Әзіржанов, Әлжан Сағидолла, Руфхат Абсенов, Нұржан Нұрымов және Мұрат Әлжанов жеңімпаз атанды.

***

 

Атыраулық үздік спортшы

Жаңаөзенде 1997-99 және 2000-03 ж.т. жасөспірімдер арасында Маңғыстау облысының спорт қайраткері Гасан Гасанбековті еске алуға арналған грек-рим күресінен ІІ халықаралық турнир өтті. 

Жарысқа Түркіменстаннан, Дағыстаннан және Қазақстанның 5 облысынан спортшылар қатысты. Біздің облысымыздың намысын 2-БЖСМ, 3-БЖСМ 4-БЖСМ (Геолог) шәкірттері қорғады. Ғасырбек Тұрақов, Райымбек Нұрлыбеков жәнеШамиль Халухаев жеңімпаз атанды. Эльдар Мейрамғалиев пен Омар Умалатов күміс жүлдегер атанса, Сағынғали Меңдіғалиев, Асылбек Нысанбаев және Айбек Рахатов қола иеленді. Сонымен қатар, Р.Нұрлыбеков «Үздік техникасы үшін» арнайы сыйлығымен марапатталды. Спортшыларды бапкерлер Б.Баймұратов, А.Өткелбаев, В.Тен және Н.Мұқанов дайындады.

***

 

Палуандар нашақорлыққа қарсы

Ақтауда «Спорт нашақорлыққа қарсы» ұранымен 1998-99, 2000-03 ж.т. жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен  республикалық турнир өтті.

Жарыстарға Қазақстанның 4 батыс облыстарының құрамалары қатысты. Біздің өңірдің намысын 1-БЖСМ, 3-БЖСМ және 4-БЖСМ шәкірттері қорғады. Облыс құрамасы сапындаҚайырбек Қабиболла, Айбек Рахатов және Асылбек Қосаманов алтыннан алқа тақса, Асылбек Нысанбаев, Сағынғали Меңдіғалиев және Әбу Құспанов «күміс» иеленді, ал Хамза Құспанов, Артур Әліпқалиев, Мұстафа Әжібаев, Думан Есеналиев, Нұрхат Саламатов, Ілияс Есенжанов және Әлихан Сембаев «қоланы» қоржынға салды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.