Атырау, 24 қараша 00:59
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Горбачев өлді» деген ақпарат Twitter-ді дүр сілкінтті

2 270 просмотра
«Михаил Горбачев өлді» деген ақпаратты таратқан италиялық журналист Twitter-ді дүрліктірді, деп жазады BNews.kz.

 Берлинде Германияның жаңа үкіметі қызметіне кіріскеннен кейін бірер минуттан соң Twitter-де жаңа аккаунт пайда болды. Бірінші хабарламасында ол өзін ГФР СІМ-інің жаңа басшысы Франк-Вальтер Штайнмайер, ал бұл өзінің Twitter-дегі ресми аккаунты екенін жазған. Әлемдік БАҚ пен жоғары лауазымды шенеуніктер бұл хабарламаны назарсыз қалдырмай, бірден тіркелген. Әрине, олардың ешқайсысы бұл парақшаның астарында алаяқ жатқанын мүлде сезбеген, деп жазады RT.

ГФР СІМ басшысының жалған парақшасына Бразилия, Австрия сыртқы саяси ведомстволары, Швеция сыртқы істер министрі, сондай-ақ әлемдік БАҚ өкілдері тіркелген.

Алаяқ Штайнмайердің келесі хабарламасы бомба жарылғандай әсер етті. Жалған министр «КСРО тұңғыш президенті Михаил Горбачев қайтыс болды» деген ақпарат таратқан. Сенсациялық ақпарат Интернет арқылы желдей жылдам жайылып үлгерді. Алайда, қалжыңқой пайдаланушы бұл ақпаратын бірер минуттан соң өзі жоққа шығарған. Ол өзінің Германия СІМ-інің басшысы емес, италиялық журналист Томассо Бенедетти екенін және бұдан бұрын жарияланғандардың бәрі шындыққа мүлде жанаспайтындығын жазған.

Белгілі болғандай, бұл әрекетке журналист бірінші рет барып отырған жоқ көрінеді. Осы қарқынмен ол бұған дейін Фидель Кастроны, Педро Альмодоварды, тіпті Рим Папасы XVI Бенедиктті де «жерлеп» үлгеріпті.

The Guardian басылымына берген сұхбатында Бенедетти өзінің ақыл-есі сау азамат екенін айтып, алдамшы ақпаратының астарында ешқандай алауыздық жоқ екенін мәлімдеген. Ол бұл әрекетімен «Twitter ең сенімсіз ақпарат сөзі болғанымен, бірінші болу үшін БАҚ оған Құдайдай сенетінін дәлелдегісі келіпті». 

Дереккөз: bnews.kz

18 желтоқсан 2013, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.