AZATTYQ.ORG. «”Жеңімпаз Путин жылы” жалғаса ма?» - «Сирия дағдарысында» бас мәмілегерге айналып, «Сноуден ісін» Вашингтонның бетіне басып, «Форбс» журналында «әлемдегі ең ықпалды адам» атанған Ресей президенті 2013 жылы әлемдік БАҚ-ты жаулап алды.
«Путин мен Янукович келіссөз жүргізді» - Украина президенті Виктор Янукович Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинге екі елдің стратегиялық әріптестігі кеңи түсуі керек деп мәлімдеді.
«2013 жылғы басты ғылыми жаңалықтар» - Су жұтып, таза бу шығаратын көлікке мінеміз бе? Жойылып кеткен жануарларды қайта тірілтетін күн туды ма? Азаттық радиосы ғалымдардың биылғы басты жетістіктеріне шолу жасады.
«Утилизация – көлігі ескі адамдарға уайым» - Қазақстан ескі автокөліктерді утилизацияға жіберу жайлы айта бастады. Ал ескі көлік иелері «жаңа көлік алуға шамамыз жоқ» дейді.
AIKYN.KZ. «Қудаланған қыздың тағдыры» - Қаншайым Еспенбетова 1975 жылдан Алматыдағы Поршень зауытында жұмыс істеген. Желтоқсан көтерілісіне қатысты 65-ші бап бойынша 3,5 жылға сотталып, кейін 2 жылға қысқартылған.
«Тәуелсіздік жарияланған күн есіңізде ме?» - Жылдар өтіп, заман өзгерсе де, әрбір азаматтың есінен бұл күнді жақындатқан тарихи кезеңдер, әсіресе 1986 жылғы желтоқсан айында жастардың азаттық үшін бас көтеруімен 1991 жылы елдің егемендігін жариялаған күн еш ұмытылмасы анық.
ABAI.KZ «Желтоқсан-1986: Қайда едің?» - Бүгінде Сексен алтыншы жыл сергелдеңін сөз ете беру кейбіреулерге ұнамайды, өйткені тап сол жылғы Желтоқсан толқуы, дұрысын айтқанда – Желтоқсан көтерілісі және олардың сол Көтеріліске көрсеткен ұлт мүддесіне үйлеспейтін көзқарасы әшкереленіп қалар еді.
TURKYSTAN.KZ. «Ресей қырғыздарды қорқыта алмады» - Өзім дегенде өгіз қара күші бар өзімшіл Кремльдің бетін қырғыздар қайтарды.
MASA.KZ. «Қазақстандық жарнама: жат құшақта қазақ қызы» - Кеше Астанадағы «Каспий банкке» кіріп барсам, алдымнан үлкен жарнамада Голливудтың актері Антонио Бандерасты емешегі құрып, көзін жұмып алып, құшақтап тұрған қазақтың сары қарын бәйбішесін көргенде, тұла-бойым шымырлап кетті.