Атырау, 24 қараша 00:42
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

А.Меркель үшінші рет Германияның федеральдық канцлері болып сайланды

2 625 просмотра
Берлинде бундестаг депутаттары Ангела Меркельді Германияның федеральдық канцлері етіп сайлады. Осылайша А.Меркель осы қызметке қатарынан үшінші рет сайланды, деп хабарлайды ресейлік Utro.ru агенттігі. 

22 қыркүйектегі парламент сайлауынан кейінгі науқан коалициялық үкімет құру аяқталды.

Парламент отырысында Христиан-демократиялық одақтың (ХДО) төрағасына 462 депутат жақтап дауыс берді, 150-і қарсы болды. Меркель ХДО консервативтік блогымен қатар Германияның социал-демократиялық партиясы кірген (ГСДП) «үлкен коалиция» үкіметін басқарады.

Меркель кейін ФРГ президентінің резиденциясына барды, онда оған федеральдық үкімет басшысы лауазымына тағайындалғандығы жөнінде грамота салтанаттын түрде табыс етілді. Бұдан соң ол ант береді. Сонымен бірге жаңа министрлер кабинетінің мүшелері де ант береді.

Естеріңізге сала кетсек, 22 қыркүйектегі сайлау кезінде Христиан-демократиялық партиясы партиялық тізім бойынша 41,5%, бір мандаттық округтер бойынша 45,3% дауысқа ие болған. Бұл партияның соңғы 20 жылдағы сайлаудағы ең жақсы нәтижесі.

Ангела Меркель – Германия канцлері атанған бірінші әйел адам, ол 2005 жылдан бері осы лауазымда істеп келді.

Дереккөз: bnews.kz

18 желтоқсан 2013, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.