
Полиция олардан басқа тағы 20 адамды қамауға алды. Ұсталғандардың көбі Стамбул мен Анкара қаласында тұтқындалған.
Полиция Анкарадағы ірі банктердің бірі - Halkbank бас ғимаратына басып кірген, батыс елдерінің БАҚ-тарының хабарлауынша банк жетекшісі Сүлейман Аслан тұтқындалған.
Осы оқиғадан соң банктің акцияларының құны 5%-ға түсіп кеткенімен, кейін күндізгі сауда барысында қайта 2%-ға қайта өскен.
Бұдан кейін полиция ірі кәсіпкер Әли Ағаоғлыға тиесілі құрылыс компаниясының бас кеңсесіне тінту жүргізген.
Түркия саясаткерлері бұл оқиғаға елдің премьер-министр Реджеп Тайып Ердоған мен Фетхуллаһ Гүлен арасындағы текетірес себеп болды деп жорамал жасайды.
Дереккөз: bnews.kz
18 желтоқсан 2013, 09:16