Атырау, 5 мамыр 15:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

АІІБ-да болған жанжалды сыртқа шығармады

2 913 просмотра

Желтоқсанның 12-сінен 13-іне қараған түні Мақат поселкесінің әкімі мен Мақат аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы АІІБ-іне бас сұғып, жұмыстарын "тексеріп" көрмекші болды.

Біздің ақпаратымызға сәйкес, ашу кернеген  поселке әкімі Жанболат ЖҮНІСОВ пен ауданның әскери комиссары Мақсот ОРЫНБЕКОВ неге екені белгісіз, агрессияға бой алдырған екеуі кезекші полицейлерге балағат сөздер айтып, қарсы ұмтылған-мыс. Сондай-ақ, іс екі жаққа да жеңіл жарақат салынумен тынған деседі.

Ал жергілікті билік және құқыққорғау органдары, шамасы, «жанжалды  үй сыртына шығаруға» құлықты болмағандықтан, орын алған оқиғаға қатысты фактіні растамады.  

- Бізде ондай ештеңе болған емес. Мен бұл жағдай туралы сізден бірінше рет естіп отырмын, -деп таңғалды Мақат АІІБ-і бастығының міндетін атқарушы Рүстем ІЗТЕЛЕУОВ. Аудан әкімінің орынбасары Полымбет ХАСАНОВ та солай деп отыр. Десек те, оның айтуынша, Жанболат Жүнісов тез арада өз еркімен жұмыстан шығып кеткен.  

Біз ұялы телефон арқылы Жүнісовке және Орынбековке хабарластық, алайда екеуі де бұл тақырыпқа сөйлесуден бас тартты.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 желтоқсан 2013, 01:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.