Атырау, 17 қаңтар 16:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -11
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Фюле: ЕО Киевпен арадағы келіссөзді тоқтатты

1 873 рет қаралды
Еурокомиссия мүшесі Штефан Фюле Twitter-де "Еуропа Одағы Украинамен арадағы серіктестік туралы келіссөздерді тоқтатты" деп жазды.  

Ол "Украина үкіметі мен президентінің сөзі мен ісі қабыспайды" дейді. Осы апта Украина үкіметінің бірінші вице-премьері Сергей Арбузовпен Брюссель қаласында кездескен Фюле әріптесіне "бұдан арғы келіссөздер Киев серіктестік келісіміне қол қойғаннан кейін ғана жалғасатынын" айтқан.  

Ал Киевте Украина билігінің ЕО-мен серіктестік келісімін жасаспай қойғанына наразы азаматтар шерулерін жалғастырып жатыр. 15 желтоқсанда Киевтегі Еуропа алаңына президент Виктор Янукович пен премьер-министр Николай Азаровтың жақтастары шықты.
 
Дереккөз: Азаттық радиосы
15 желтоқсан 2013, 22:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.