Атырау, 5 желтоқсан 13:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

АҚШ-та қардың мол түсуіне байланысты 3 мың әуе рейсі тоқтатылды

2 711 рет қаралды

Сенбі күні АҚШ-тың орталық және шығыс аудандарына қардың мол түсуіне байланысты 3 мыңға жуық әуе рейсі кешігіп, тоқтатылды. Мәселен, Ньюарктің (Нью-Джерси штаты) және Чикагоның (Иллинойс штаты) халықаралық әуежайларында 50-ден астам рейс тоқтатылды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. 

Нью-Йорктағы Кеннеди атындағы әуежай ұшақтарды бір сағаттан астам уақыт кешіктіріп қабылдауда. Бұл техникалық қызметтердің ұшу-қону жолақтарын тазалап үлгермеуіне байланысты.

Сондай-ақ, қардың мол түсуінен Вашингтон, Бостон (Массачусетс штаты), Сент-Луис (Миссури штаты), Кливленд (Огайо штаты), Детройт (Мичиган штаты), Питтсбург және Филадельфия (Пенсильвания штаты) халықаралық әуежайларының жұмысы бұзылды.

Ауа райының бұзылуынан жол апаты жиіледі. Жергілікті тас жолдарда 3 адам қаза тапты. Кейбір аудандарда қар жамылғысының биіктігі 30 см-ге жетті.

Дереккөз: bnews.kz

 

15 желтоқсан 2013, 22:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.