Атырау, 5 мамыр 15:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Түнгі көлік апатынан әкесі мен кішкентай қызы көз жұмды (+толықтырылды)

4 729 просмотра

15 желтоқсанға қараған түні Атырауда Азаттық даңғылында жол-көлік апатынан екі жаяу жүргінші қаза болды.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА хабарлағандай, түнгі сағат 3-те жол-патрульдік қызметінің жасағы Азаттық, 134 мекен-жайындағы үйдің ауласына кіре берістен 36жастағы ер адам мен оның4жасар қызының мүрделерін тапқан. Олардан бірнеше метр жерде «Хонда Аккорд» көлігі тұрған, оның жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетіпті. Кейінірек мекен-жайы бойынша 27 жастағы жүргізуші ұсталды. Ол қарсылық көрсетіп, медициналық куәландыруға барудан бас тартқан.

ҚР ҚК-нің 296-бабының 3-тармағы (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерiн бұзуы) және 297-ші (жол-көлiк оқиғасы болған орыннан кетiп қалу) бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ІІД әкімшілік полициясы басқармасының бастығы Жәнібек ШӘРІПОВТЫҢ айтуынша, ЖКО жаяу жүргінші өткелінен шамамен 30 метр қашықтықта орын алған. Бәрі қыздың анасының көз алдында болыпты. Шәріповтің айтуынша, полицейлер «Хонда» жүргізушісін 1-ші учаскедегі жеке үйінде ұстаған кезде, ол мас күйде болыпты.

Редакцияға ұсталушының таныстары хабарласып, үйіне жеткен соң полицейлерге оның өзінің қоңырау шалғанын растады. Бірақ полицейлер бұл болжамды жоққа шығарып отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 желтоқсан 2013, 21:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.