Атырау, 5 мамыр 14:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Бергей ісі – прокуратурада

3 341 просмотра

3 желтоқсанда Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігінің Атырау облыстық прокуратурасына жолдаған Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ ұйымдасқан қылмыстық тобының қылмыстық істері туралы материалдар әлі сотқа жолданған жоқ. Облыстық прокуратурада материалдармен әлі жете танысып жатқандығы хабарланды.

Прокурорлар осы іске қатысты жартымды ақпарат бермеді. Бүгінде ешкім де соңғы жылдағы атышулы істің қашан сотқа берілетіндігін айта алмады. Егер прокуратура қосымша тергеуге жібермесе, қарау мерзімін ұзартпаса, айыптау бөліміне өзгерістер енгізбесе және т.б. жағдайлар орын алмаса, ол таяу күндері әділ қазылар сотына жіберілуі мүмкін. Сот процесінің кейінге қалдырылуы мүмкін екендігіне, әсіресе, іс көлемі, біздің мәліметтеріміз бойынша, 700-ден астам томды құрайтынын ескерсек, болжамды заңды негіздер жеткілікті.

Бұл бостандығынан айырылған немесе шектеу қойылған, сотты үйқамақта немесе басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен күтіп отырған тергеудегі тұлғаларға ғана қатысты материалдар. Басты фигуранттар - Рысқалиевқа,оның інісі мен онымен үлестес басқа тұлғаларға іздеу жарияланып, олардың істері жеке өндіріске жіберілді.

Қаржы полициясы Атырау облыстық әкімдігінің және мердігер кәсіпорындардың лауазымды тұлғаларының сыбайлас жемқорлық қылмыстық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуді сәуірдің соңында аяқтады. Сегіз айдан астам уақыт бойына, сәуірден бастап қараша айын қоса алғанда, қылмыстық істердің материалдарымен танысу процесі жүргізілді. Бұған қылмыстық өндірістің бүкіл қатысушыларының: күдіктілердің, олардың адвокаттарының, зардап шегушілердің және тіпті, өз бөлігі бойынша куәгерлердің (яғни сол бағыт бойынша түсінік алынғандардың) құқығы бар.

Тергеу аяқталғаннан кейін сөз алған ҚР ЭСҚКА ресми өкілі Мұрат ЖҰМАНБАЙДЫҢ айтуынша, экс-әкім Рысқалиев ұйымдастырған қылмыстық қауымдастық Атырау облысында алты жыл бойына әрекет еткен. Естеріңізге салсақ, Бергей Рысқалиев өз міндетіне 2006 жылы кірісіп, одан 2012 жылы шеттетілген еді. Қаржы полициясы «Рысқалиевтың ауқымды билік өкілеттігіне ие бола отырып, мемлекеттік қаржыны жымқыру мақсатында құрамына 35 адам кіретін 3 ұйымдасқан қылмыстық топтан тұратын ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық құрғандығын» анықтады.

Тергеу барысында тергеу-жедел тобы 68 түрлі сараптама тағайындап, 750-ден астам адамнан түсінік алған, 79 тінту жүргізіліп, 30 мыңнан астам құжаттар алынған.

Рысқалиев басшылық еткен қылмыстық қауымдастық қызметінің нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 71 миллиард теңгеден астам зиян келтірілді. Алынған шаралар нәтижесінде мемлекетке 23, 4 миллиардтеңгеқайтарылды. Ал қазіргі кезде Атырау облыстық әкімдігі мен мердігер мекемелердің лауазымды тұлғаларының  мемлекетке жалпы сомасы 42,1 миллиардтеңгеден астам зиян келтірген сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау фактісі бойынша қозғалған 40-тан астам қылмыстық іс әлі де тергелуде.

11 адам сырттай қамауға алынып, оларға іздеу жарияланды.  Солардың ішінде Б.Рысқалиев, оның інісі Аманжан РЫСҚАЛИ, олардың күйеу балалары ӘЛБАҚАСОВ, ЖЕЛДІБАЕВ, ІЗБАСАР, сонымен қатар олардың фирмаларының директорлары мен құрылтайшылары бар.

Сәуір айында М. Жұманбай экс-әкімге бүкіл баптар жиынтығы бойынша он жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұрғандығы туралы тергеу тобының болжамын жария еткен еді («Атырау облысындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстық істерді тергеу аяқталды»).

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

15 желтоқсан 2013, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.