Атырау, 24 қараша 01:06
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украина жақын арада ЕО-мен келісімді бекітуге ниетті

2 101 просмотра
Украинаның бірінші вице-премьері Сергей Арбузов ЕО-ны кеңейту бойынша еурокомиссар Штефан Фюлемен келіссөздерден кейін жақын арада Украина Еуроодақпен қауымдастық жөніндегі келісімге қол қоятынын мәлімдеді.

ВВС-дің жазуынша, Арбузовтың сөзіне қарағанда, келісімге ұлттық стратегиялық мүдделер ескеріле отырып қол қойылады және бұл тұрғыда Украинада саяси ерік бар.

Вице-премьер сонымен қатар тараптар қауымдастық туралы келісімді қолдану үшін жол картасын әзірлеуге келіскенін атап өтті.

Өз кезегінде Фюле ХВҚ-мен келісімге қол жеткізу үшін және еркін сауда аймағына қосылу тұрғысында қажетті жағдайды құруда Украинаға қолдау жасауға уәде берді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

13 желтоқсан 2013, 17:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.