26 қарашада «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының басшысы ауысты. Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитетінің бұйрығымен Елемес РАХМЕТОВТІҢ орнына Жақсығали ІЗДІБАЕВ жайғасты.
Резерваттың жаңа директоры Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша «Каспий» Өңіраралық көліктік бақылау инспекциясынан келді. Бұған дейін сол жерде бөлім басшысы болған.
Бұл жаңалықтың астыртын сыры бар екен. 21 қазанда Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан ҚАППАРОВТЫҢ ресми блогына резерват ұжымының хаты келіп түскен (http://blogs.e.gov.kz/ru/blogs/kapparov_n/questions/227727). Онда Е.Рахметовке қарсы браконьерлікке қамқоршы болу, тікелей міндетінен жалтару, тексеруді органдардың ұйғарымдарын орындамау секілді едәуір айыптаулар тағылған.
8 қарашада Қаппаров Орман және аң шаруашылығы комитетіне хатты қарап шығып, оның авторларына толық қамтылған жауап беруге тапсырма берді.
Хатты тексерумен Орман және аң шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Қайрат ӨСТЕМІРОВ айналысты, ол министрдің блогына қысқаша есеп қалдырды: «Ақ Жайық» МТР директорының әрекетінің заңсыздығына қатысты сіздің хатыңызды қарап шығып, Орман және аң шаруашылығы комитетінің 01.11.13 ж. №310 бұйрығымен комиссия құрылып, сол жерге барып тексеру жүргізілетінін хабарлаймын». 9 қарашада төраға орынбасары Атырауға келді. Осы сапардың нәтижесі жоғары сатыдағы басшылыққа жазылған қызметтік жазба болды. Соған қарағанда, резерват ұжымының хатындағы кейбір баяндалған фактілер негізсіз болмаған секілді, өйткені Рахметовпен жасалған келісімшарт бұзылды.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА