Аталған істі тексеру сарапшылар барлығында улайтын зариннің белгілерін тапқан. Химиялық қарудан негізі үкімет армиясының жауынгерлері мен бейбіт тұрғындар қаза тапқан, алайда шабуылдардың арасында қандай да бір байланыстыратын себеп анықталмаған.
Сарапшылардың басты міндеті кінәлілерді табу емес, олардың мақсаты Сириядағы азаматтық соғыс кезінде химиялық қару қолданылды ма соны анықтау.
БҰҰ «көтерісшілер әскери қоймаларды тонау кезінде химиялық қаруды иемденген болуы мүмкін» деп отыр. Бұл бірқатар батыс елдері «президент Башар Асадтың қарсыластарында жаппай қырып-жою қаруы болмады» дегенін жоққа шығарады.
Естеріңізге сала кетсек, Сирияда химиялық қару қолданылғанын сылтау етіп АҚШ, Франция, Ұлыбритания елдері осы елге қарсы әскери операцияны бастағысы келген. Ресей келіссөздерде жалғастыруды ұсынып, нәтижесінде Б.Асад сарапшыларға жою үшін барлық химиялық қаруын тапсыруға келіскен.
Дереккөз: bnews.kz