
Бұл жаза Солтүстік Кореяда бұдан екі жыл бұрын билікке Ким Чен Ын келгелі бері ең ірі саяси оқиға болып отыр. Апта басында Чан Сон Тхэк барлық қызметі мен атақ-дәрежесінен айырылып, «қызмет өкілетін асыра пайдаланған, заң бұзып, сыбайлас жемқорлыққа барған, шетелге емделуге барғанда әйелдермен сөлекет қатынастар жасаған, есірткі пайдаланып, құмар ойын ойнаған» деп айыпталған еді.
Ресми ақпарат қүралдары оны "иттен де сорақы болды" деп жазған.
Чан Сон Тхэк Ким Чен Ынге әкесі өлгеннен кейін билікті қолға алуына көп көмектескен.
Дереккөз: Азаттық радиосы
13 желтоқсан 2013, 09:05