Жиһадшылар қарапайым тұрғындар тұратын кварталдарға басып кіріп, көзге көрінгендерді аяусыз өлтіре берген. Әзірге қанша адамның қаза тапқаны белгісіз. Анығы, лаңкестер әйелдер мен балаларды да қырып салған. Көптеген үйлер өртеніп, әкімшілік ғимараттар қиратылды.
Үрейі ұшқан халықтың жартысы жертөлелерге жасырынып, жандарын сақтапты. Тұрғындардың тағы бір бөлігі көрші Эль-Кутейф қаласына қашқан. Қарақшылар болса бағалы заттардың барлығын тонап, мазут қорын қолды қылған.
Оқиға орнына жеткен Сирия әскері қазір лаңкестермен ашық айқасқа көшкен. Тұрғын үйлерге бекінген содырлар әзірге берілер емес. Қала көшелері қанға боялған дейді жергілікті БАҚ өкілдері.
Мамандардың айтуынша, қалаға басып кірген лаңкестердің басым бөлігі жалдамалы арабтар. Олар Ирак шекарасы жақтан келген деген болжам бар.
Дереккөз: Baq.kz