…2001 жылы Исатай ауданында туберкулездің таралуына жол бермеу шараларына жауапты түрде кірісті: оқушыларға 400 грамнан шұбат беруге шешім қабылданды.
***
…2003 жылы қалалықтар қоқысқа көмілген көшелер туралы жазыңдар деп редакцияға үсті-үстіне телефон шалумен болды. «Арнайы автобаза» директоры журналистердің сұрақтарынан жалтарып, қашып жүрді.
***
…2004 жылы ҚІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің және Атырау жол полициясының шұғыл іздестіру бөлімінің 16 қызметкері бір уақытта жұмыстан шығу туралы баянат жазды. Бұл наразылық акциясына үш жыл бас бостандығынан айырылған аға шұғыл уәкіл Аян Қоспановқа қатысты шығарылған сот үкімі себепші болды. Ол адамды қағып, оқиға орнынан қашып кетті деп күдіктелген жүргізушіні ұстайды. Басында мойындап айғақ берген ол кейіннен өз сөзінен бас тартып, полицей ұрып-соғу арқылы кінәні мойындатты деп мәлімдеме жасады.
***
…2006 жылы Мақат АІІБ-нің 14 полицейі жұмыстан шығару жөнінде өтініш жазды. Себебі де жоғарыдағыдай - құзыреттілігін асыра пайдаланғаны (ұрып-соғу) үшін төрт әріптесіне қылмыстық іс қозғауға байланысты.
***
…2008 жылы қалаға жеті стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылды, ал Привокзальныйда облыстық Мүгедектерді оңалту орталығы ашылды.