Атырау, 26 қараша 14:42
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ауқымды ойық

1 775 просмотра

8  желтоқсанда кешкісін Орталық ықшамаудандағы №3 үйдің («Светлана» үйі) 2-ші подъезіндегі баспалдақ басқышы опырылып құлады. Шамамен көлемі 40 сантиметрдей болатын ойық пайда болды. Ол жерге адам оп-оңай түсіп кетуі мүмкін.

Бұл үйге қызмет көрсететін«Кенже» ПИК-інің төрағасы Роза ЖЕКСЕНҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, үй әлдеқашанғы «Баспана-91» бағдарламасының шеңберінде сынақ жобасы бойынша салынған. Осы жоба бойынша ауладан екінші қабатқа (бірінші қабатында - дүкендер) көтерілетін баспалдақ пен төбедегі бетон күнқағарлар енді адамдардың өміріне қауіп төндіріп тұр.

Подъезд тұрғындарымен кездесуге келген қалалық әкімдіктің тұрғын үй инспекциясының бас маманы Дархан МҰХАМЕДЖАНОВ ауқымды әңгімені қозғап, «сіздердің үйлеріңізді терможаңғырту бағдарламасына қосайық, сонда бүкіл олқылықтар бірден жойылатын болады» деген ұсыныс тастады. Тұрғындар ақылы көмектен үзілді-кесілді бас тартты. Ал 9-шы желтоқсан күні кешкісін ПИК жұмысшылары баспалдақтағы ойықты тақталармен бекітіп тастады. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

12 желтоқсан 2013, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.